Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
28
мамыр
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде2020 жылдың екінші жарты жылдығында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы

       Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде жалпы оқушы саны-366 . Сынып саны-20. Мектепте білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етілген. Оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепте кезекші әкімшілік,мұғалімдер және 1-11 сынып жетекшілерінен кезекшілік құрылған, кезекшілік кестеге сай жүргізіліп отырды. Мектепте 8 бейнебақылау камерасы орналастырылған. (2-бейнебақылау камерасы мектеп сыртында, 4-бейнебақылау камерасы 1-2 қабат пен мектеп фоесінде орналасқан).Бейнебақылау камераларына жазылған бейнетаспаларды арнайы құрылған комиссиямен тексеріліп , актысы жасалған.Мектеп ғимараты мен бөлмелерінен эвакуациялаудың қабаттар бойынша жоспары бекітілген. Кезекші әкімшілік , мұғалімдер және мектептің басқада қызметкерлері оқушылардың жүріс-тұрысын назарда ұстап, олардың асханадағы, медициналық кабинеттегі, сабақ пен спорт залындағы және тағы басқа қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты нұсқаулыққа сай жүргізіп отырды.Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мектепке бөгде заттарды (қораптар, қаптар, банклер, ыдыстар, өткір, жеңіл тұтанатын заттар қауіпті заттар және т.б) әкелуге тиым салынған.Бөгде тұлғалардың енуін болдырмау мақсатында, бөгде тұлғалардың жеке басын растайтын құжаттарынсыз кіруіне тыйым салынған.Мектеп вахтерлері бөгде тұлғаларды қабылдау қағидасы бойынша жұмыс жүргізіп отырды. Сабақ аяқталған соң бастауыш сынып оқушыларын ата-аналары мұғалімнің шақыруымен алып кету жүйелі жолға қойылған. Автокөліктің мектеп аумағына рұқсатсыз кіруіне тыйым салынған. Мектеп ауласы периметр бойынша қоршалған. Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынанадай іс- шаралар орындалды. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» тақырыбында өткізілген сынып сағаттары -48, «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарының саны-39, Оқушыларға жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету (практикалық сабақтар саны)-10 , «Су айдынындағы» қауіпсіздікті тақырыбында сынып сағаты-51, «Балалар қауіпсізідігінің алдын алу» тақырыбында ата-аналармен өткізілген жиналыстар саны-37, «Оқытушы құрамы мен оқушылардың және техникалық қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында өткізілген эвакуация оқу жаттығулары-1, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бейнероликтер, онлайн сабақ жадынама)- ата-аналарға 300дана жаднама, оқушыларға -200 дана жаднама , оқушыларға көрсетілген бейнеролик-18,онлайн сабақ-18, «Балалар қауіпсізідігінің алдын алу» арнайы стендтер саны-2.Алдағы келе жатқан оқушылардың жазғы демалысына байланысты мектебімізде 2020 жылдың 24 сәуірі - 24 мамыр аралығында «Судағы қауіпсіздік» облыстық айлығы өткізілді. Айлықтың негізгі мақсаты : жазғы шомылу маусымында, жазғы сауықтыру лагерьлерінде, су айдындарындағы судағы төтенше жағдайлардың ,балалар өлімін болдырмау және алдын алу. Осы мақсатпен мектебімізде «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары, оқушылар чаттарына жадынамалар таратылды, бейнероликтер көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілер мектеп оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізу барысында балалардың белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде, судағы қауіпсіздікті сақтау6 жол ережесін сақтау, өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Балалардың қауіпсіздігі ата-ана жауапкершілігінде екені ескертілді.