Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
14
сәуір
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Қауіпсіздік
COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында барлық мектептер қашықтықтан оқытуға көшті. Қашықтықтан оқу басталғалы оқушылар әр түрлі оқу платформалары мен әлеуметтік желілерді, итернет ресурстарын көптеп пайдалануда. Соған орай мектебімізде 2020 жылдың 6-10 сәуір аралығында оқушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында ата-аналар мен оқушыларға «Итернеттегі қауіпсіздік», «Балаңызды қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз», «Қауіпсіздік шараларын сақтан» тағы сол сияқты тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты– кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.Интернет жүйесін дұрыс пайдалану . Жасөспірімдерді интернет желісіндегі қажетсіз заттардан аулақ ұстау және оны дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіру. Интернетттің пайдалы және зияндылығымен таныстыру.Қауіпсіздік ережесін есте сақтауға дағдылындыру. Осы іс-шара барысында оқушылармен «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» тақырыбында сынып сағаттары,онда интернеттің пайдасы мен зияны атап өтілді.Осылайша балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Сынып жетекшілер Whatssap, Telegram, Zoom қосымшаларын пайдалана отырып оқушыларға, ата-аналарға бейнероликтер, презентациялар, жадынамалар таратты.

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ