«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
07
шілде
2019

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

2018 - 2019 оқу жылында мектеп оқушыларына белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде,ата-аналары немесе қамқоршыларының қарауы бойынша су айдындарына шомылған жағдайда судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Даярлық сыныптарында "Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бастауыш сынып1-4 сынып оқушыларынан «Суда жүзу білеміз бе?» тақырыбында сауалнама алынып, суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Су айдынындағы қауіпсіздік туралы сынып сағаттарын өтті. 5-9 сынып оқушыларына «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп,су қауіпсіздігі,судағы қауіптің алдын-алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жөнінде бейнероликтер көрсетілді. 10 - 11 сынып аралығындағы оқушыларға "Судағы қатер" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік ата-аналар жиналысында судағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылып,бейнероліктер көрсетіліп,ата-аналардан ересектердің қадағалауынсыз балалардың шомылмауы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілер оқушыларға суда шомылу ережелері тақырыбында түрлі жаднамалар таратылып, суда шомылудың қауіпсіздік шаралары айтылды.