Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қауіпсіз мектеп

Автор: admin от 12-09-2018, 23:31, посмотрело: 156

2 "Қауіпсіз мектеп"акциясы

"Қауіпсіз мектеп"Республикалық акцияға мектебіміздің инспекторы Н.Асылбаев мектеп оқушыларымен жолда жүру ережесі мен "Заңды білу жарқын болашақ"тақырыбында дәріс оқыды.
12.09.2018 жылы мектебімізде ҚРІІМ"Аппаттар медицина"бөлімінің аға фельдшері Шарекенов М,Б.Б Дүйсебаева,құтқарушы К.ОСұлтанов,Д.Примкуловпен сағат 12 -00 де өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігі туралы түсіндірме сабақтары мен оқу жаттығуларын жүргізді.

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Тіл мерекесі

Автор: admin от 12-09-2018, 23:04, посмотрело: 62

0
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай "Өссе тілім менде бірге өсемін" тақырыбында өткізілген онкүндіктің
іс-шаралары туралы
МӘЛІМЕТІ
    Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін дамыту.
5 қыркүйек күні «Тіл-халық мұрасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ә.Е. Сембекова онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.
5-9 сыныптар арасында мектептің кітапханашысы Б.Далибаева "Тіл достықтың алтын көпірі" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушыларды ақын-жазушылардың оқулықтарымен таныстырды.

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Білім күні

Автор: admin от 12-09-2018, 08:21, посмотрело: 42

0 «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» салтанатты жиынының анықтамасы

«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» атты 1-қыркүйек білім күні мерекесін өткізді.Білім күні 1-4 сыныптар"Мен өз елімнің патриотымын",5-7 сыныптар"Астана менің жүрегім",8-9сыныптар "Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі",10-11 сыныптар "Рухани жаңғыру -жаңарудың жаңа кезеңі"сынып сағаттарымен жалғасты.

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Конференция

Автор: admin от 12-09-2018, 08:08, посмотрело: 245

3

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
2018 жылдың 8-9 қыркүйек күндері «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты тақырыбында 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілген конференция туралы МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы қыркүйек-қазан айларында балалардырухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын белсендіру мақсатында,балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасылық құндылықтардыарттыру және нығайту; кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың,құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша мектебімізде 8-9 қыркүйек күні сағат 10.00-де 1және 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен конференция өткізілді.Ата-аналарды тіркеу журналына тіркетіп, қолдырына сауалнамалар мен жаднамалар таратылып берілді. Конференцияға келген қонақтар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Өзбекова Мария Өзбековна және ата-аналар комитетінің төрайымы Тұрлықожаева Бағдагүл Әлдибаевна қатысты.
Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен мектебіміздің директоры Г.Б.Сейдахметова таныстырды.Мектеп психологтары Г.Н.Джанибекова және Е.Ж.Таткеева конференцияның бағдарламасымен жеке-жеке таныстырып, жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, дайындаған бейнероликтер де қамтылды. Конференсия соңында ата-аналар сауалнаманы толтырып, қосымша өз сұрақтарын қойды.

Конференция

Конференция

Конференция

Конференция

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру алаңы туралы анықтама

Автор: admin от 20-06-2018, 00:30, посмотрело: 197

1
«Балауса» жазғы мектеп
жанындағы сауықтыру алаңы туралы анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру алаңы құрылып, 4 – 10 сынып оқушылары барлығы 37 оқушы қамтылды. І маусым кезеңізде мектеп жанындағы лагерьде оқушылар толық қамтылып, тәрбиешілер өз деңгейінде жұмыстар жүргізді. Мектеп жанындағы лагерьдің ашылу мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа, тәрбиелей отыра салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру.
1-маусым балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарламалар болды. Концертте ән шашулар мен билерден өнер көрсетті. Іс-шарада асық ату , фетр матадан себет жасау, асфальтқа сурет салу және эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараға балалар өте жақсы деңгейде қатысты.Эстафеталық ойынға қатысып өз өнерлерін көрсетті. Балаларымыз жүлделі орындарға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды.Жақсы сыйлықтармен марапатталды.
4 маусым күні жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиында дайындалған ән, билерден шашу шашты. Балаларымыз өте жоғары деңгейде дайындықпен келді. Жиын соңында балалар алаң алауын тамашалады. Алауды айналып тілектерін айтып, ән салды. Жетекшілер балаларға рәміздердің шығу тарихы туралы баяндама жасады. Рәміздер туралы өлең шумақтарын тарту етті. Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты суреттер салынды. Сурет салуда балаларымыз өз еңбектерін көрсетті.
Мектеп жұлдызын анықтайтын бұл өнер сайысы – талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болды. Байқаудың шарттары үш биден бөлінді. Қазақ биі, Заманауи биі, 15 адамнан құралған флешмоб биі. Балалар жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Әділ қазылар алқасы өз бағаларын берді. Үш топта бірінен бірі , дайындықтарын ортаға салды. Әр топ дайындықтарына байланысты орындармен марапатталды. Жазғы сауықтыру алаңында балалармен ән байқауында өткіздік. Ән байқау үш топтың арасында өтті. Қазылар алқасымен таныстырылды. Балалар өте жақсы дайындықпен келген. Әр топ бар өнерлерін көрсетті. «Айгөлек» тобы бірінші болып шықты. Үш оқушы әр түрлі дәстүрлі әннен орындады. «Бәйтерек» тобы екінші болып шықты. «Балдәурен» тобы үшінші болып өнер көрсетті. Қазылардың бағалауымен жүлделі орындарға ие болды.Үш топ арасында ертегілер туралы байқау өтті. Оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлерімен танысу және мінездеме беру. Сонымен қатар оқушылардың ойлау, есте сақтау , еркін сөйлеу және қабілеттерін дамыту болып табылады. Топтар арасында жақсы дайындық болды. Қазылар алқасымен де таныстырылды.
«Қызыл телпек» ертегісін және «Тәуіп пен бай» ертегісін жақсы сомдап шықты. Авторлық шеберлігінде көрсете білді. Үш топ арасында түрлі-түсті қағаздардан байқау өтті. Түрлі – түсті қағаздарды қыйу арқылы, ақ қағаз бетіне суреттерді қиып жапсырды. Балалар өз қиялындағы суреттерді, қағаздарды қиып , сурет арқылы өз ойларын жеткізді. Жақсы өнеркөрсеткен балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ 1 орынды Бекмұрат Томирис пен Жанат Мадина иеленді. 2 орынды Молдахан Жансая марапатталды. 3 орын Өмірәлі Әділ марапатталды.
8 – 10 сынып оқушылары еңбекпен қамту бойынша мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты жиынының анықтамасы

Автор: admin от 18-06-2018, 23:43, посмотрело: 98

1
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ 
«Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты жиынының анықтамасы
   
     Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз үшін , оларды келешекке арманына шақыратын соңғы қоңырау болды .Бүгін міне мәңгі сақтар күн . Алып ұшып түйініндей хаттардың . Түлектерге қимас сезім сыйлаған. Куәсіндей балалық бал шақтардың деп , еліміздің ұлан ғайыр білім ордаларында күміс қоңыраудың соңғы сазы , « Сыңғырла , соңғы қоңырау!» мерекесі өткізілді. Мектеп бітіруші түлектерді алғашқы ұстазы мен сынып жетекшісін үлкен қошеметпен ортаға шақырды. Оқушылар сапқа тұрғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Осыдан кейін ардагер ұстаздарымызды ортаға шақырдық.Барлығы орындарына жайғасқаннан кейін, мектеп директорына сөз берілді. Дала қоңырауы атанған қазақ халқының тұңғыш ағартушы –педагогы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Келесі кезекте 11 сынып оқушылары «Қош бол алтын ұя мектебім» атты әнді орындады. Біліммен оза шапқан дарыны мен дараланған оқу озаттарын марапаттау рәсіміде болды. 1 сынып оқушылары, мектеп бітіруші түлектерге арнаған сыйлықтарын тапсырып , тақпақтарын айтты. 11 сынып оқушылары , 10 сынып оқушыларын ротаға шақырып «Білімнің алтын кілтін» табыстады. 11 сынып оқушылары «Мектеп вальсін» билеп, ақ көгершіндері мен шарларын ұшырды. Соңғы қоңырау. Мектеп бітіруші түлектеріне арналады. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. 11 сынып оқушысы мен 1 сынып оқушысы қоңырау соқты. Жиын соңында мектеп бітіруші түлектерге , Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына тілектеспіз. Жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ  «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты  жиынының  анықтамасы

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» аясында «Алтын ұя мектепке тағзым» акциясының анықтамасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» бағдарлама аясында мектеп

Автор: admin от 18-05-2018, 04:25, посмотрело: 651

11
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» аясында «Алтын ұя мектепке тағзым» акциясының анықтамасы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» бағдарлама аясында мектеп түлектерінің туған жеріне, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету мақсатында өткізілген іс – шараға аудан көлемінде мектеп түлектеріміз қатысты. Қала әкімі Б.Тұрғынбаев, Шу ауданының завод басшысы М.Нурбаев, теміржолшы Қ.Әділбек, теміржол басшысы С.Каликов түлектерін шақырдық. Мектеп түлектері өздеріне арналған концерттік бағдарламаны тамашалап, өздерінің ризашылықтарын білдірді. Түлектер мектеп уақытысында оқыған қызықты оқиғаларын атап өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мектеп түлектерінің өмір жолын балаларға үлгі ретінде көрсетіп, оларды білім мен еңбекқорлыққа баулу алдағы уақытта да жалғаса береді.

Назад Вперед