«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
29
қараша
2018

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша2018 жылғы 
10 қазан – 20 қараша аралығында өткізілген құқықтық білім мен
құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы туралы мәлімет

Ыбырай Алтынсарин орта мектебі бойынша 2018 жылдың қазан айында «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай мектеп психологы Е.Таткеева
18 қазан күні «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларынан сауалнама алды.
31 қазан күні қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізіліп, отырыста мектеп инспекторы Н.Асылбаев 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмысы туралы есеп берді.
05.қараша күні Шу аудандық ПБ ЮПТ-ның инспекторлары полиция капитаны Б.С.Жайлыбаев кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарын жүргізіп, 8-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.
08 қараша күні мектеп психологы Е.Таткеева 7-8 сынып оқушыларымен адам бойында болатын асыл қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту мақсатында «Өмір сүру қиын емес, өмір сүре білмеу қиын» тақырыбында тренинг жүргізді.
2018 жылдың 9 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық білім бөлімінің құқықтық тәрбие ісінің әдіскері Н.Н.Бекбауовпен кездесу өткізілді.
9 қараш күні «Мектеп және отбасы – тәрбиенің ұясы» тақырыбында
1-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Н.Бекбауов сөз сөйлеп, ата-аналарға бала тәрбиесіне басты мән беріп, балаларының бос уақытын тиімді өткізуін, мектеп әкімшілігімен және мұғалімдерімен тығыз байланыста болу керектігін айтты.
12 қараша күні 5-11 сыныптар арасында «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
15 қараша күні мектеп инспекторы Н.Асылбаев 8-11 сынып оқушыларына «Балалар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
16 қараша күні мектеп психологы Е.Таткеева 10,11 сынып оқушыларымен «Мен кіммін?» тақырыбында кездесу өткізіп, әңгіме жүргізді.
Айлық барысында әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері мұғалімдер арасынан кезекшілік кестесі құрылып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында орталық базар мен темір жол аймағына, теміржолшылар саябағына, «Шыңғыс хан», «Каспий», «Ақ арал», «Нұр» кафелеріне рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында жасөспірімдер арасында құқы бұзушылық анықталған жоқ.


«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ