Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
26
ақпан
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша
"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында
іс-шара жоспарына қорытынды мәлімет

    Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қаақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №3-15-3120-И хатына және Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 27 қаңтардағы №02-390 хатына сәйкес мектепте оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарына бақылауды күшейту мақсатында 27 қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуде. Осы іс-шаралар аясында: мектептегі тамақтану бойынша мониторинг комиссия мүшелерінің қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогы Г.С. Косалиева «Дұрыс тамақтану, денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ күнделікті беріліп, қадағаланып отырылады. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сай, беріліп отырды. Аспазшылардың формасы таза жұмыс орны да талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынып отырылады. Таза сумен қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы денсаулық бұрыштарымен безендірілген.Халқымыз ежелден «Ауру – астан» деп ескертіп, бұл сөзді «Ас – адамның арқауы» деп қуаттаған. Бүгінгі таңда тағам түрі көп болғандықтан да, кейбір адамдардың тамақтану мәселесінде қайшылықтар туындап жатады. Ал енді мектепте балалар не ішіп, не жеп жүр деген мәселенің әрбір ата-ананың көкейіндегі сауал екені түсінікті.Дайын астың сапасы талапқа сай болуы мектебіміздің медбикесі Б.Башегова күнделікті тексеріп отырады. Тексеру барысында кетіп жатқан кемшіліктерін ескертіп отырады. Ас мәзірі мектеп директорымен бекітілген. Акция барысында Биология пәнінің мұғалімі Г.Булутбаева «Салауатты өмір салты – ас үйден басталады» тақырыбында баяндама оқыды. 10 ақпан күні 5-9 сынып аралығында «Дұрыс тамақтану » тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Тамақтану мәдениеті» тақырыбында сауалнама алынды. Дұрыс тамақтану адам денсаулығына пайдалы. Өйткені денсаулықтың жақсы болуы дұрыс тамақтануына байланысты. Әр аптаның бейсенбі күндері «Адалдық алаңы» өткізілуде . Дәрісті өткізудегі мақсаты: Оқушыларды адалдық, әділдік, шыншылдыққа тәрбиелеу болды. Әр баланың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, олардың адам үшін маңызын түсіндіру, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағыттай отырып, әдептілік ережелерін үйрету көзделді. Жоспарға сай мектебіміздің медбикесі Б.Д. Башегова «Витаминдер және олардың маңызы» тақырыбында видео слайдтар көрсетті. Айына бір рет ата – аналарға арналған «Ашық есік» күні өтіледі. Онда ата – аналар балаларының ас мәзіріне сай тамақтануын қадағалап , шағым және ұсыныс журналына өз пікірлерін білдіреді. Сонымен қатар ауыз судың талапқа сай болуын, перспективалық ас мәзірі мен күн сайынғы мәзірдің және дайындалған аспен сәйкестігі күнде тексеріліп отырады. Республикалық акциясы аясында өткізілген «Мектептің асханасының» іс-шараларлы фейсбукке, мектептің сайтына салынды.


 Дайындаған: әлеуметтік педагог Г.С. Косалиева[/b]