Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
23
ақпан
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша
"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығында
іс-шара жоспарына мәлімет

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қаақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №3-15-3120-И хатына және Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 27 қаңтардағы №02-390 хатына сәйкес мектепте оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарына бақылауды күшейту мақсатында 27 қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акцияның іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шаралар аясында: мектептегі тамақтану бойынша мониторинг комиссия мүшелерінің қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
 Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ күнделікті беріліп, қадағаланып отырылады. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сай, беріліп отырды. Аспазшылардың формасы таза жұмыс орны да талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынып отырылады. Таза сумен қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы денсаулық бұрыштарымен безендірілген.
 Мектептің әлеуметтік педагогы Г.С. Косалиева «Дұрыс тамақтану, денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Булутбаева «Салауатты өмір салты – ас үйден басталады» тақырыбында баяндама оқыды. Мектептің медбикесі Б.Д. Башегова «Витаминдер және олардың маңызы» тақырыбында видео слайд көрсетті.