10
қыркүйек
2019
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Денсаулық күніне орай іс – шаралар өткізілді.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Денсаулық күніне орай іс – шаралар өткізілді.
2019 жылдың қыркүйек айының 6 күні Қазақстан Республикасының «Денсаулық күні» салтанатты түрде аталып өтті.
«Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен таңғы жаттығумен ашылды. Денсаулық күнінің ашылуында мектеп директоры Г.Б. Сейдахметова құттықтап сөз сөйледі.
6 «А», «Б» сыныптарының ұлдары мен қыздары арасында «Толағай» топтық жарыс ұйымдастырылды.
Сайысқа мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сембекова Алия Ерзаханқызы және мектеп медбикесі Башегова Бейбіткүл Дарханқызы төрелік етті.
«Толағай» топтық жарыс ұлдар арасында 9 бөлім, ал қыздар арасында 8 бөлім бойынша бақтарын сынап, әр кезеңде белсенділік танытты. Төрешілер сайыс соңында ұпай сандарын есептеп, нәтижесінде ұлдар арасындағы «Толағай» топтық жарыста «Тұлпар» тобы І орын, «Барыс» тобы ІІ орын, «Қыран» тобы ІІІ орын, ал қыздар арасындағы «Толағай» топтық жарыста «Денсаулық» тобы І орын, «Тұлпар» тобы ІІ орын, «Қыран» тобы ІІІ орынға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
8-11 сынып оқушыларының арасында «Денсаулық - зор байлық» тақырыбында бірыңғай флешмоб ұйымдастырылды.