Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
31
желтоқсан
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметованың жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті ата-аналар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік! Ізге тілекпен Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атндағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметова

Құрметті Ыбарай Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұжымы!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.
Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.
Ізгі ниетпен Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметова

Құрметті Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары!
Жаңа 2021 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!Жаңа жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа, достық пен сүйіспеншілікке толсын! Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болсын!
Ізгі ниетпен «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметова

[media=https://youtu.be/CqMmqMFdIYE]







[media=https://youtu.be/iMC3JL4u1H8]








[media=https://youtu.be/sQv5X-uUC5k]