Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
19
тамыз
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасын негізге ала отырып, Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың тамыз айының 19-ы күні «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбынла мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектибаевнаның ұйымдастыруымен бірыңғай қашықтан жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске мектеп әкімшілігі және педагог қызметкерлер қатысты. Жалпы республикалық педагогикалық кеңес қашықтан zoom платформасы арқылы жүргізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері туралы педагогтерді хабардар ету
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ