Қазақ ұстазы. № 6 Респуликалық журнал » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ ұстазы. № 6 Респуликалық журнал
12
мамыр
2016

Қазақ ұстазы. № 6 Респуликалық журнал

Ұстаздық –ұлы құрмет.

  Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

  Болашақтың басшысын да, данасын да, ғылымын да, еңбекқор, егіншісі мен еншісін өсіреді.

   2014-2015 оқу жылы 21 сынып 370 оқушымен басталды.

10-11 сыныптар жаратылыстану математикалық бейін бойынша оқиды. Өткен оқу жылында 79 оқу үздігі , 99 оқу екпіндісі, білім сапасы 49,40 % болды.

    Сондай-ақ оқушылар жан жақты дамыту мақсатында түрлі байқау сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырылды.

Мектепте география , химия, информатика, физика,биология, қазақ тілі, математика кабинеттері интерактив тақтамен жабдықталған.

    Оқу  жоспарында оқушының жалпы мәдениетін қалыптастырып , таным белсенділігін арттыратын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын үйірмелер, факультативтер ұйымдастырылған.

Мектепте мамандар саны-45

Жоғары білімді мұғалімдер саны-43

Арнаулы орта білімді мұғалімдер саны-2

Жоғары біліктілік санатты мұғалімдер саны-18

Бірінші біліктілік санатты мұғаілімдер саны – 11

ІІ біліктілік санатты мұғалімдер саны-11

Мектепте жас мамандар саны-2

ҚР. Білім беру ісінің үздігі-1

    2014-2015 жылдарға жасалған ұжымдық шарт әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

12 тараудан тұрады

1. Жалпы ережелер

2.Еңбек шарты

3.Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру

4.Жұмысшылардың босауы және олардың еңбекпен қамтылуына септік ету

5.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

6.Еңбек ақы мен еңбек нормалары

7.Кепілдіктер мен өтемақылар

8.Еңбек пен денсаулықты қорғау

9.Кәсіподақ кепілдіктері

10.Кәсіподақтың міндеттемелері

11.Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру

12.Келісімнің орындалуына бақылау жүргізу

Төмендегі актілер бастауыш кәсіподақ коммитетімен келісе отырып қабылданады

1.Ішкі еңбек тәртіп ережесі

2.Оқу сабақтарының кестесі

3.Жұмыс кестелері

4.Демалыс кестелері

5.Педагогикалық қызметкердің  оқу жүктемесі

6.Педагогикалық қызметкердің қолданыстағы біліктілік  санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестациясын тағайындау туралы шешімі;

7.Еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық.

    Елбасының жолдауын негізге ала отырып, мектепті басқару, мектепте білім

беру және тәрбие ісін сапалы білікті жүргізу, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу

ісінде басты мақсатымыз болмақ. Балалар еліміздің келешегі , ертеңі. Сондықтан

олардың  бойындағы болашаққа сенім , үміт, оптимистік көзқарас ұялату-

баршамыздың парызымыз. Ел игілігі үшін аянбай еңбек ету-әрбір ұстазға

жүктелген қасиетті парыз.

Білім сапасына қолдау көрсету 100 қадамнан тұратын Ұлт жоспарында да

жан-жақты көрініс тапқан.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет

тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз. Білім негізі мектептен басталады.

2015 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің

кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын

көтеруіміз қажет» деген болатын. Олай болса, Елбасының жолдауын негізге

ала отырып, мектепті басқару, мектепте білім беру және тәрбиелеу ісін

сапалы білікті жүргізу бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу ісінде басты

мақсатымыз болмақ.

    Әкімшілік пен ұжым тығыз байланыста болып, іскерлік пен ізгілік

атмосферасын қалыптастыра отырып басқару, бақылау, реттеу мақсатқа

жетуге жетелейді.

   Нәтижелі іске себепкер болатын үш нәрсе: дайындық , құлық, біліктілік.

1.Ұжымның жұмысын қалыпқа келтіру. Ұжымның ұйымдастырылуы әр

адамның өз жұмысын тиянақты істеуіне байланысты.

2.Әкімшілік ұжыммен санасып, ой-пікірді біліп отыруы тиіс.

3.Бұл жұмыс күнделікті жүргізілуі тиіс. Осы үш мәселе шешілсе, ұжым

нәтижелі болары сөзсіз.

   Еңбек дауларының алдын алу, оларды шешудің тиімді құралы және

кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғаудағы кәсіподақтардың басты құралы

ұжымдық шарт.

Қоғамдағы саяси тұрақтылық пен кәсіподақ мүшелерінің жасампаз еңбегі

біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды. Бұл біздің айтулы бірлескен

еңбек жеңісіміз. Әр қайсыларыңыз ортақ істің сәтті іске асуына өз

үлестеріңізді қостыңыздар .

   Мектеп ұжымы әр баланы ел дамуына кірпіш болып қаланар тұлға етіп

қалыптастыру жолында еңбек етіп. «Ел болашағы- білімді ұрпақтың 

қолында» екенін басты назарда ұстап келеді.

   

 

Похожие публикации: