Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
01
қыркүйек
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

1-қыркүйек
 Директордың құттықтауы.


Құрметті оқушылар!
    1 - қыркүйек «Білім күні» мерекесімен құттықтаймын. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020 – 2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру 2 – 11 сыныптардан қашықтықтан оқыту жағдайында өтеді.
      Қашықтықтан оқыту процесі санитарлық – эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтеді.
      Қашықтықтан оқыту жағдайында әр оқушыны жауапкершілік пен белсенді болуға шақырамын. Қашықтықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру интернет - платформаларын пайдалана отырып терең білімді, шығармашыл болындар!
 Жаңа оқу жылы нәтижелі болсын!
 Сіздерге зор денсаулық, оқуға жетістік пен табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен мектеп директоры
Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметова

     Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі. 1 қыркүйек –Білім күні мерекесі құтты болсын!!! Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар ! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке –Білім күнімен құттықтаймыз. Балаларымыз оқуда озат болып, сапалы білім, жоғары деңгейде тәлім-тәрбие алсын!Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын. Дәстүрлі мереке мектебімізде 1-сынып оқушылары үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта өткізілді. 2-11 сынып оқушыларына үшін қашықтанZoom платформасында және WhatsApp әлеуметтік месенджерлері арқылы өткізілді.Сынып сағаттарында сынып жетекшілер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай «Денсаулық- зор байлық», «Абай –дара, Абай -дана», «Әл-Фараби шығыстың Аристотелі» сияқты тақырыптарда ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы , денсаулықты сақтаудың маңызы туралы өтті. Жылдағы дәстүрге сай 11-сынып түлектері мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге видео құттықтауларын жолдады.