Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
20
тамыз
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Жалпы республикалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасын негізге ала отырып Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ –де 2020 жылдың тамыз айының 20 күні 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында сағат 15:00-де «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты тақырыпта мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектибаевнаның ұйымдастыруымен жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатысты. Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1)Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2)Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3)Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4)Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5)Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6)Баланың оқу режимі және демалысы.
7)Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8)Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9)Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10)Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Ата –аналар жиналысының барысында мектеп психологының арнайы слайд арқылы дайындаған психологиялық ұсыныстары берілді. Мектеп директоры және мектеп әкімшілігі күн тәртібіндегі мәселелерге жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы ата-аналар жиналысы қашықтан zoom платформасы арқылы жүргізілді. Жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтына және фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды.