Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
21
тамыз
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Жалпы республикалық сынып сағатының тұжырымдамасын негізге ала отырып , Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың тамыз айының 21 –і күні «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.
Сынып сағатында қаралатын мәселелер.
1)Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2)Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
3)Мен және менің денсаулығым.
4)Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
5)Интернетте жұмыс істеу ережелері туралы оқушылар ақпараттандарылды.
Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, телевизиялық сабақтар ұсынылатындығы айтылды.Сонымен қатар әр оқушы мынандай тәртіп ережелерін ұстануы керек:
1. Күнделікті бөлмеде тазалық тәртібін сақтау қажет.
2. Күн сайын таңертең бөлмені және жұмыс үстелін ылғалды тазалаудан бастау керек.
3. Сабақ аяқталғаннан кейін мүмкіндігінше жабдықтар мен мектеп құралдарын алып тастаңыз.
4. Үзіліс кезінде және сабақ аяқталғаннан кейін бөлмені желдетіңіз.
Оқушылардың киім нысанына қойылатын талаптар:
Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде білім алушылар мектепке, қашықтан оқыту форматындағы сабақтарға классикалық стильдегі ыңғайлы киімде қатысатыны айтылды.
Интернетте жұмыс істеу ережелері, Интернеттің қауіптілігі
1. Интернетте өздерің туралы ақпаратты: ұялы телефон нөмірін, мекен-жайын, мектептің атауын, орналасқан мекен-жайын, ата-ананың аттарын ешқашан көрсетпеңдер. Веб-сайттар немесе басқа онлайн-қызметтер сізден конкурстарға қатысу немесе тегін сыйлықтар алу үшін ақпарат беруді сұрауы мүмкін. Бұл ақпарат сізге зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
2. Веб-сайтты жасау кезінде абай болыңыз. Белгісіз мекенжайлардан кез-келген электрондық поштаны ашқан кезде өте абай болу керек.
3. Интернеттегі түсініксіз нәрселерді кездестірген кезде әрқашан ата-анаңызға хабарлаңыз.
4. Ешқашан, ешқандай жағдайда ата-ананың рұқсатынсыз виртуалды танысқан адаммен бетпе-бет кездесуге келіспеңіз.
5. Қауіп төндіретін чаттардан аулақ болыңыз. Бұл сұрақтар алдымен қызықты болып көрінуі мүмкін, бірақ кейін олар сізге қауіп төндіруі мүмкін.
6. Ешқашан келеңсіз мазмұндағы немесе кез-келген жағдайда ыңғайсыз әсер қалдыратын хабарламаларға немесе жарнамаларға жауап бермеңіз.
7. Ата-аналарды алдын-ала хабардар етпей, онлайн достарыңызға ешқашан жеке ақпараттарды мысалы, мекен-жайы, телефон нөмірі немесе фотосуреттерді жібермеңіз деген сияқты қауіпсіздік шаралары туралыда оқушыларға кеңестер берілді.