Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
03
қараша
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ –де 2020 жылдың 2 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің жанындағы Қамқоршылық кеңестерде мектеп директорларының есеп беру кестесіне сәйкес мектеп директоры Гүлбағила Бектібайқызы Сейдахметова және мектеп инспекторы Джабасбаев Бақытжан Сакенұлы мектептің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында 2020 жылдың атқарылған жұмысының есебін берді. 2019-2020 оқу жылын 13 түлек аяқтады, 8 түлек жоғары оқу орнына, 4 түлек колледждерге түскен. 9 сынып түлектерінің 18 мектепке қайтып келіп 10 сыныпты жалғастырса, 9 түлек колледждерге орналасқан. Мектеп 2020 жылдың наурыз айынан каринтин режимінің жариялануына байланысты қашықтықтан оқытуға көшірілді. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 110 оқушыға мектеп есебінде тұрған 75 компьютерді 50 отбасының 103 білім алушысына таратып берілді. Биылғы жылы кезекші сыныптардың мектептке келуіне байланысты бюджетен бөлінген қаржыға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында санитаизерлер, тепловизерлер, кварц лампасы, төсеніштер, санитарлық туннель сатып алынғандығын хабарлады. Қашықтан оқыту кезінде оқушыларды техникалық қамтамасыз ету мақсатында 10 планшет, 8моноблок, 7 ноутбук, 67 роутер, 67 симкарта қосымша алынды.Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдынға уақытта 16 бейне бақылау камералары орналастырылатын болады. Мектепте санитарлық- эпидемиологиялық талаптар толық сақталып отырғандығын, мектеп жұмысын өз жоспарына сай жүргізе беретіндігі жайлы тоқталып өтті. Жоспарға сай мектепте оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін мобильдік топ құрылған, топ мүшелері өгей әкемен, өгей анамен тұратын оқушылардың жай –күйін бақылап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өз жұмысын жүйелі жүргізіп отыратындығын айтып өтті. Мектеп инспекторы Джабасбаев Бақытжан Сәкенұлы өз есебінде 2020 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейін атқарған жұмысының есебін берді. Оқушыларға құқық бұзушылық алдын алу прафилактикасы ретінде әр түрлі тақырыптарда дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізіп отырған. Аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ, рейд жұмыстары кезінде мектеп оқушылары есепке алынбағандығын хабарлады. Күзгі демалыс уақытының басталуына байланысты балалардың өмір қауіпсіздігі, денсаулығына ата-ана жауапты екенін тағы бір мәрте ескертіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274 – бабын назарда ұстау керектігін айтып өтті. Жиналыс соңында қамқоршылық кеңесінің төрайымы Талипова Жадыра Мутановна мектептегі жасалып жатқан жұмыстарды бірге атқаруға, білім алушылардың білім, тәрбие алуына бірігіп жұмыс жүргізуге шақырды