Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
21
қыркүйек
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 15-00 де,«Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы қашықтан ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Жиналысқа ата-аналар кеңесінің мүшелері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және мектеп әкімшілігі қатысты. Жиналыстың мақсаты:қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру.Жиналысқа 150 ата-ана, 30 мұғалім қатысты.
Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі ата-аналараға қашықтан оқыту кезінде туындайтын қиындықтармен қалай күресуге болатыны туралы және қашықтан оқытудың тиімді жолдарын таныстырды.Алғаш сөз мектеп басшысына берілді, мектеп директоры Г.Б.Сейдахметова «Білім беру үрдісінде қатысушылардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі туралы айтып өтті.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Арысбаева биылғы оқу жылындағы оқу форматтары мен білім алушылардың бағалау жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Ж.Ақшегирова «Дарын онлайн» платформасында жұмыс жасаудың тиімді жолдарын түсіндірді, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Адалбекова қашықтан оқыту кезінде оқушылардың күн тәртібі мен демалыс уақытын дұрыс жоспарлау бойынша ұсыныс берді, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Нурбекова интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелермен таныстырып, бопсалаудан, буллизмнен, диструктивтік діни сайттардан қорғану жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Е.Ж.Таткеева ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және мұғаліммен өзара байланыс ұстау бойынша кеңес берді. Жиналыс барысында ата-аналардың ұсыныс , пікірлері тыңдалып , толғандыратын сұрақтарына тиісті жауап берілді.