26
сәуір
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың сәуір айының 12-24 аралығында «Қыз Жібек» қыздар клубының іс-шара жоспарына сәйкес сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен 1-4 сынып қыздарына«Ұлы даланың ұлы қыздары», 5-10 сынып қыздарына «Тарихымызда өткен аяулы аруларымыздың бейнесі де үлгі тұтарлық, өнеге аларлық ...» деген тақырыптарда әңгіме –сұхбат жұмыстары жүргізілді. Қыздарға ұлы даланың қыздарының Отан қорғау жолындағы ерлігін өнеге ете отырып, қыз балаға тән инабаттылық, тәрбиелілік, өжеттілік қасиеттері насихатталды. Таныстырылым , бейнебаяндар көрсете отырып қыз бала тәрбиесіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



