29
қаңтар
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі » КММ –де «Қыз Жібек» қыздар клубының жоспарына сәйкес «Қыз бала ұлттың –ұяты, халықтың шырайы» атты айлық жүргізілуде.2021 жылдың 29 қаңтар күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыА.Р.Адалбекова "Қыз Жібек" клубының мүшелерімен 8-11 сынып қыздарымен "Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ....." тақырыбында баяндама оқып, ақпараттық түсіндірмелік іс-шарасын өткізді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Іс-шара соңында "Қыз баланың сұлулығы иманында " , «Қыз әдебі», «Қыз қандай болу керек ? » сияқты бірнеше бейнероликтер көрсетілді.





