Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
15
қазан
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ –де 2020 жылдың 14 қазан күні қыздар жиналысы ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ұйымдастырылып өткізілді. Күн тәртібінде «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында мектептің педагог –ұйымдастырушысы Тұрғанбаева Баян Мұхтаровна қыз әдебі туралы, қызға тән мінез-құлық жайлы , салтымыздағы қыз тәрбиесіне байланысты тыйымдар жайлы айтып өтті. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектептің педагог- психологы Таткеева Елмира Жүжасаровна «Ерте жүктілік және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары» тақырыбында түсіндірме бейнероликтер көрсетті, таныстырылым арқылы ақпарат берді.Денсаулықты сақтаудың маңызы туралы, әсіресе, қыз бала денсаулығын күтудің ерекшелігі туралы кеңес берді. Мектеп медбикесі Башегова Бейбіткул Дархановна қыздар гигиенасы туралы баяндама оқыса, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Нурбекова Мөлдір Мияткуловна «Менің құқықтарым , менің міндеттерім » тақырыбында адамның құқықтарынан басқа міндеттерінің болатыны және ол заңмен заңдастырылғаны жайлы, Қазақстан Ренспубликасының қылмыстық кодексінің 274 бабы «көрінеу, жалған ақпарат тарату» туралы баппен таныстырды «WhatsApp» , Facebook,instagram әлеуметтік желілері арқылы жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатыны туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адалбекова Асем Рустемовна «Өзіңді қорғай біл » кибербуллинг, антибуллингтің қазіргі таңдағы қашықтық оқыту кезеңінде белең алып турған мәселе екені, одан қорғанудың жолдары жайлы нұсқаулық беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиналыс соңында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.



Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ