Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің 2020-2021 оқу жылының түлегі Тұңғатаров Эльдар Жұмаханұлы мектеп ұжымын жаңа жылдық мерекесімен құттықтай келіп, 9-11 сынып білім алушыларымен кездесті. Кездесуге жалпы 39 білім алушы қатысты. Қазіргі таңда Тұңғатаров Эльдар Жұмаханұлы Щучинск қаласы Шоқан Уалиханов атындағы кадет корпусында әскери сержанттық борышын өтеп жатыр, өз мамандығының ерекшелігін білім алушыларға түсіндіріп, осы мамандықты таңдауға шақырды. Эльдардың оқу орнында үздік тәртібі мен білімімен көзге түскендіктен мектебіміздің директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібаевнаға оқу орнынан алғыс хат берілді. Осындай мұғалімдерінің саналы тәрбиесі мен сапалы білімін ақтайтын түлектеріміз көп болғай деп тілейміз.



