29
қыркүйек
2021
«Қыз Жібек » қыздар клубының жиналысы өтті.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ –де 2021 жылдың 28 қыркүйек күні «Қыз Жібек » қыздар клубының жиналысы өтті. Жиналысқа 8-11 сыныптың қыздары, мектеп психологы Қаратаева Ж.Т, мектеп медбикесі Башегова Б.Д, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адалбекова А.Р қатысты. Жиналыс барысында мектеп медбикесі қыздардың жеке бас гигиенасы, жасөспірімдік кезеңдегі өзгерістер және олардың белгілері жайлы ақпараттандыру, түсіндірме жұмысын жүргіссе, мектеп психологы «Ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында презинтация жасап, қыздармен әңгіме –сұхбат алмасты.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адалбекова «Қыз тәрбиесі» ұлт тәрбиесі тақырыбында баяндама оқып, қыз балаға тән инабаттылық, тәрбиелілік, өзін ортада ұстау ережелері туралы нұсқаулық берді. Мектеп формасына қойылатын талаптар мен сабаққа кешікпеу, қалмау сияқты әртүрлі мәселелер қаралды.




