Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
14
қыркүйек
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы 2020 жылдың 7 қыркүйегінде Білім күні мерекесінде Президент Қ. К.Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанхалқына "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимылкезеңі" халыққа жолдаған жолдауы бойынша ой бөлістік. Дәстүрлі жолдаудың қазіргідей күрделі кезеңде жасалуының да маңызы айрықша. Бүкіл әлем үшін де, еліміз үшін де ерекше уақытқа тап келді. Бұл құжат барлығымызға зор міндет жүктейді. Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салағатың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжатта күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қолжеткізу керектігі айтылды.
Әлемдік көшке ілесудің бірден – бір жолы отандық білім саласына өзгерістер енгізу. Өзгеріс бүгінгі заман сұранысын қанағаттандыратын инновациялық жаңалықтарға толы болса абзалырақ. Еліміз өз алдына дербес мемлекет болып, шаңырақ көтергелі Қазақстандық білім жаңа деңгейге қадам басып келеді. Ел ертеңі жастарымыздың сапалы білім мен қамтылуы – келешегіміздің жарқын болуының кепілі. Күштің білектіде емес, білімді де екенін үнемі айтып жүретін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отандық білімге көп көңіл бөлуде. Соның дәлелі ретінде, Президент қазіргіқалыптасқан онлайн білім беру жүйесінеқатыстыөзініңсынипікірінайтты. "Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудіңт әр тәртібін зірлеген жөн" деп, Үкіметке қалыптасқан дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қайта қарау туралы тапсырма берді. Менің ойымша, ата-аналардың келісімі мен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.
Мектеп ұжымы Президенттің бастамаларын толығымен қолдайды және біздің ортақ болашағымыз бен ортақ тағдырымыз үшін осы бастамаларды жан-жақты насихаттауға, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға ықпал ететін болады.
Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тарихи жайт. Жолдау барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте мұғалімдерді бей-жай қалдырмайды. Өйткені, жолдауда берілген міндеттерді орындап отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы өзінің нақтылығымен және мақсаттылығымен елдің алдағы жылдарға арналған даму бағытының негізгі факторларын айқындайды.