Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
08
маусым
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Құрметті әріптестер!
"Біз 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бұл – халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы.ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің салдарынан дәстүрлі тұрмысымыз күшпен өзгертілді. Ел ашаршылыққа тап болып, екі миллионға жуық адам көз жұмды. Жүздеген мың қандасымыз туған жерін тастап көшуге мәжбүр болды. Саяси қуғын-сүргін жылдары да қазаққа оңай тиген жоқ. Ұлттың көшін бастаған зиялы тұлғаларымыз тар қапастарға қамалды және ату жазасына кесілді. Олардың жақындары да қудалаудан құтыла алмады. Тоталитаризмнің қанды шеңгелі қазақ зиялыларының да әйелдерін айналып өтпеді. 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген АЛЖИР лагерінде 20 мыңға жуық әйел қамалып, 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Солардың арасында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Тұрар Рысқұловтың т.б. әйелдері де бар еді. Жұбайларымен бірге, күйеулері де сталиндік саясаттың құрбанына айналып, нақақтан нақақ оққа ұшты...Тарихшылардың айтуынша, адамзат тарихында мұндай қиянат болмаған. Зұлмат жылдары қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен. 1872 жылғы есеп бойынша қазақ даласында 5 миллионнан астам халық саны зобалаң салдарынан екі есе азайған. 1939 жылғы санақта қазақтың саны небәрі 2 миллион 300 мыңға жеткен. Әрбір азаматтың жүрегіне жара салған нәубеттің қасіретін ұзын-ырғасы үш миллионға жуық адам тартты. Біз осындай «тар жол, тайғақ кешуден» береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің, үміт пен сенімнің арқасында аман өтіп, ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Аз уақыттың ішінде елдіктің іргесін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Қазіргідей күрделі кезеңдердің өзін абыроймен еңсеріп келеміз.⁣ Сондықтан тарихтан тағылым алып, ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыздың есімдерін мәңгі ұлықтап өткеніміз жөн.Демек, бұл жай ғана дата емес, бұл жас ұрпақ жадында сақтап, бүкіл ел бабалар рухына тағзым ететін күн! Тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарды ешкім ұмытпауы тиіс.Азаттық үшін күрескен ұлт жанашырлары, ардақты азаматтарымыздың ерлігі ел есінде!

[media=https://youtu.be/Q2kTOokUDT8]