1. «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1. «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру»
17
ақпан
2017

1. «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру»

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың ата аналар

арасында өткізілген жиналыстың

Хаттамасы  № 4

 

Жалпы ата –ана саны  -  200                                                     Күні: 16.02.2017 жыл

 

 

Күн тәртібі

       

«Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру» .

                        Баяндамашы: Г.Б.Сейдахметова (директор)

 

Тыңдалды: Мектеп директоры: Г.Б.Сейдахметова.

 Жемқорлық сөзінің шығу тарихына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы , парақорлығы .Мемлекеттегі жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқының тежелуіне және әлеуметтік , саяси шиеленістердің күрт асқынуына ұрындыратынын айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттерді теріс пайдалану (228-бап), пара алу (311-бап), қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308-бап) қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) коммерциялық сатып алу (231-бап) қызмет өкілеттілігіне теріс пайдалану (307-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылатынын ескертті.

Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстың , тәртіптік , әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік  - құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекеттік қызмет күрес туралы (1995)»  және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы (1998)» ҚР-ның  заңдары жатады . Сонымен  қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар екенін айтты. 2014 жылы 26 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР –ның 2015 -2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Ода «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті білім жүйесі арқылы қалыптастыру мектептегі жоғарғы сыныптар (Адам.Қоғам.Құқық пәні )Нәтижесінде оқушылар:

         Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік қатер, кәсіпкерлікке барьер ретінде қабылдау;

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін білу (оның ішінде    әкімшілік және қылмыстық заңнама)

 Кәсіптік этика туралы басты түсінік болу;

 Мемлекеттік қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттарын білу;

 Қоғамға жат, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы келе алуы тиіс.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім : тәрбие жұмысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады . Ол мына бағытта қамтылады: Қазақстандық отаншылдықты және азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие. Менің ойымша , әр адам өзінен  бастауы керек. Әркім өзіне жемқорлыққа жол бермеуге уәде беру керек. Осылай адам өзін өзгертсе, ол әрдайым қоршаған адамдарға жағымды әсер етіп, отбасына және достарына үлгі болып дұрыс жолға түседі. Әр өзгеріс   адамға жеңіл берілмейді, сондықтан, сыбайлас жемқорлық мәселесі бірден шешілмейді. Алайда өз күш-жігерімізді жинап, сабырлығымызды көрсетіп, барлығымыз осындай үлкен мақсатқа кішкентай қадам жасайық. Барлық ата-ананы осыған шақырамын. Қандай ойларыңыз бар? Қандай ұсыныс жасар едіңіздер? - деп ата-аналарға сауал тастады. Көрсетілген таныстырылымның ішіндегі №   20 слайдқа көңіл бөліп, әр бір адам осыны біліп, естен шығармауын ескертіп өтті.

 

 

Шешімі:

Баяндама назарға алынсын.

Мектеп пен ата-ана арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күреске бағытталған іс шаралар

жоспарға сәйкес жүргізілсін.