Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
21
ақпан
2023

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Шу  қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 17 ақпан күні «Кәмелетке толмағандардың   нашақорлық,   зиянды заттарды  қолдануының алдын алу. Буллинг «Жаман әдеттер және жасөспірімдер   ортасы»  тақырыбындағы  жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Мектепте атқарылған жұмыстың   І жартыжылдық есебі

 (жауапты: Мектеп директоры: Джумагулова А.С)

2. Отбасындағы  тәрбие саналы ұрпақ кепілі. Баяндама

 (жауапты: ДТІЖО Адалбекова А.Р)

3. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпарат. Буллинг. Кибербуллинг мәселелері үшін жауаптылық. Бала қауіпсіздігі. 

(жауапты:  Мектеп инспекторы Жайлибеков Б.С)

4. Кәмелетке толмағандардың  нашақорлық, зиянды заттарды  қолдануының алдын алу. (жауапты: ДҚТІЖО  Нурбекова М.М)

5. Әр түрлі мәселелер

Жоғарыда аталған күн тәртібі бойынша мектеп директоры А.С.Джумагулова мектепте бірінші  жартыжылдықта атқарылған жұмыстың есебін берді. Отбасындағы тәрбие саналы ұрпақ кепілі тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Адалбекова баяндама оқыды. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша ақпаратты  мектеп инспекторы Жайлибеков Біржан Сабитұлы берді. Мектеп оқушыларының түнгі уақытта ата-анасынсыз жүруі, қаңғыбастықпен айналысуҚР әкімшілік –құқықтық кодексі арқылы жауаптылыққа тартылатындығы ескертілді. Бала қауіпсіздігі басты назарда екені қатаң ескерте отырып, түнгі уақытта ата-анасынсыз жүру, ойын –сауық мекемелеріне бару, тойханаларда жұмыс істеу, ҚР еңбек кодексі бойынша жасөспірімдердің жұмыс істеу   жағдайлары  туралы түсіндірме-ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. ҚР әкімшілік-құқықтық кодексінің 127 бабы бойынша жауаптылық түсіндірілді. «Whats App», Facebook, instagram желісі  арқылы жалған ақпараттарды тарату  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің 274- бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы   жөнінде ата-аналарға ақпарат берілді. Буллинг пен кибербулинг ұғымдарына тоқтала отырып телефон арқылы оқушылар   арасында  бопсалану, мазақ болу фактілері тіркеліп жатқандығын  ескертті. Баланы осындай келеңсіздіктерден қорғаудың жолы бақылау жасау екендігі ерекше айтылды. Кәмелетке толмағандарды нашақорлық, зиянды   заттарды қодануының алдын алу бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Нурбекова түсіндірме жұмысын жүргізді. Балалар арасында өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындар екендігіне ерекше тоқталды. Олардың адам ағзасына тигізер зияны туралы ақпарат бере отырып,  ол заттарды үлкендердің өзі жиі қолданатынын, оның еш пайдасы жоқ екендігін таныстырылым   жасау арқылы ата-аналар назарына жеткізді. Балаларымыздың болашақта осындай зиянды заттарды қолдануы оның болашағына балта шабатынын ескертті. Жиналыс соңында оқушылардың тазалық сақтауы, сабақтан себепсіз қалмауы,  кешікпей келуі, жол қауіпсіздігін сақтауы, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауы туралы әртүрлі мәселерге тоқталып сөз жарыстарға кезек берілді. Ата-аналар тиісті мамандарға сұрақтарын қойып жауапатарын алды.