Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
07
қыркүйек
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Өрт шыққанын білгенде…

1.Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
 2.Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. "Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;
 3.Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
 4.Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
 5.Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
 6.Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
 7.Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
 8.Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
 9.Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;
 10.Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;
 11.Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;
 12.Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.
 Не істеуге болмайды?
 1.Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
 2.Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
 3.Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
 4.Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.
 Зардап шеккендерге алғашқы көмек
 1.103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз;
 2.Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек. Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне батырылғын матамен жабады;
 3.Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын беріп, жылылау керек;
 4.Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.
 Өрттің алдын алу үшін:
 1.Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей терезеден лақтырмаңыз;
 2.Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
 3.Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;
 4.Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз;
 5.Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды;
 6.От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
 7.Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз:


Жер сілкінісінің алдында

Жер сілкінісінің қашан болатынын тап басып айту қиын, дегенмен оны кейбір жануарлар алдын ала сезеді. Мәселен, иттер қыңсылап, иелерінің аяғына оратылып, мазалайды; мысықтар марғауларын тістеп, ғимараттан шығара бастайды, егер оларды қайтадан ішке кіргізсеңіз, мысық сыртқа тасымалдауын тоқтатпайды; тышқандар індерін тастап, далаға ағылуы мүмкін; құмырсқалар да түгелімен илеуін тастап шығады; аквариумдегі балықтар, тордағы құстар да мазасыздана бастайды.
 Жер сілкінісінің басталуына бірер минут қалғанда ғимарат ішіндегі электр тоқтарында ұшқын шығады; терезелерде діріл пайда болып, әйнектер сылдыры естілуі мүмкін; аспанда жарық сәулелер байқалады.
 Үйдегі қауіпсіздік шаралары
 •Терезелердің ішкі жағына полимерлі целлофан немесе азық-түлікке арналған пленка жабыстырып тастаңыз. Бұл әйнектердің ұшу қаупін азайтып, жаралану деңгейін төмендетеді;
 •Ауыр жиһаздарды есіктен алыс жерлерге жылжытып, қабырғаларға тигізіп қойыңыз. Есік маңында тұрған жиһаздар құласа, жолды жауып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда үйден шығу немесе құтқарушылардың кіруі қиын болады;
 •Жоғары сөрелерде тұрған ауыр заттарды жерге түсіріңіз.
 •Газ плитасын газ жүретін құбырға байлап тастаңыз;
 •Электр желісін, токқа қосылған құрылғыларды, пешті өшіріңіз;
 •Қол шамдарды оңай табылатын жерге қойыңыз. Себебі, қатты зілзала кезінде барлық электроэнергия көздері өшіріледі.
 Жер сілкінісі кезінде
 Ғимаратта болсаңыз:
 •Төменгі қабатта жүрсеңіз, дереу далаға шығыңыз. Сіздің еншіңізде 25 минут бар;
 •Жоғары қабатта болсаңыз, баспалдақтармен түскенде қабырғаларды бойлап жүріңіз, алайда оның сыртқы бұрыштарына жақындамаңыз. Ешқашан лифт қолданбаңыз;
 •Далаға шығу мүмкіндігі жоқ болса, есіктердің босағасына, үйдің сыртқы қабырғаларының бұрыштарына тұрыңыз. Ағаштан жасалған үстелдер мен төсектерді осы бұрыштарға жақын қойыңыз. Олардың астына отыру арқылы қабырғаның құлап жатқан сылақтарынан қорғануға болады;
 •Терезелер мен әйнектен жасалған өзге де бұйымдардан алыс тұрыңыз;
 Көшеде болсаңыз:
 •Ашық алаңда қалуға тырысыңыз;
 •Ғимарттардан, электр бағандарынан, ағаштардан алшақ кетіңіз;
 •Үзілген электр сымдарына жақындамаңыз;
 Көлікте болсаңыз:
 •Көлікті ашық алаңда тоқтатыңыз;
 •Жер сілкінісі аяқталғанша көліктен шықпаңыз.
 Үйде:
 •Ең қажетті құжаттарыңызды жинаңыз;
 •Азық-түлік қорын ұзақ уақыт сақтауға арналған қаптамаларға салып қойыңыз;
 •Алғашқы көмекке қажетті дәрілер мен медициналық құралдарды дайындаңыз;
 •Отбасыңыздың әр мүшесіне арналған апаттық жолдорба даярлаңыз. Оған жылы киім, ыңғайлы аяқ киім, жаңбырдан қорғайтын жапқыштар, дәрі-дәрмектер мен ақпараттық парақтың көшірмесін, су мен азық-түлік салып қойыңыз.
 Жер сілкінісінен кейін
 Үйінді астында қалып қойсаңыз:
 •Сабыр сақтаңыз. Артық қимылдар үйіндінің одан сайын опырылып, сізді басып қалу қаупін арттырады;
 •Аяқ-қолыңызды ақырындап босатуға тырысыңыз, алайда шалт қимылдамаңыз. Сізге кедергі келтіріп тұрған ағаштар мен кірпіштерді қозғамаңыз – олар үйіндінің тепе-теңдік сақтап, құламай тұруына себеп болуы мүмкін;
 •Бос жатқан ағаштар көрсеңіз солармен үйіндіні тіреп қоюға тырысыңыз;
 •Көп қимыл жасамаңыз;
 •От жақпаңыз – ғимарат құлағанда газ құбырлары жарылған болуы мүмкін;
 •Дауыстап немесе тарсылдату арқылы көмекке шақырыңыз.



 
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

-суды, газды және электр тоғынөшіріңіз;
 -жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
 - егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
 -ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
 -өз үйіңізд апат соққысына дайындаңыз;
 - бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
 - өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатарүш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
 - қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.
 Кенеттен су басса:
 -үрейленбей,сабырлылық,танытыңыз;
 - тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;
 - егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
 - су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;
 - балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
 - ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
 - құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
 - құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
 - өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
 - өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
 Су қайтқаннан кейін:
 - үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;
 - ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);
 - үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;
 - есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;
 - қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;
 - суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;
 - су басқан жерлердегі құдықтарды міндетт ітүрде дезинфекциялау қажет.


Жол белгілері

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
 жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
 1.ескерту белгілері
 2.басымдылық белгілері
 3.тыйым салу белгілері
 4.міндеттеу белгілері
 5.ақпараттық-көрсеткіш белгілері
 6.қызмет көрсету белгілері
 7.Қосымша тақтайшалар.
 •Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
 Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
 •Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
 •Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
 •Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
 •Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады


Өрт сөндірушілер – 101
 Полиция – 102
 Жедел жәрдем – 103
 Газ апатынан құтқару қызметі – 104
 Құтқару қызметі – 109



Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ