16
маусым
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың 14 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің ұландары» атты 11 сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат , 9 сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды,ата-аналар түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздарға алғыстарын білдірді. Биыл мектебімізде қорытынды емтихандар нәтижесі бойынша 11 сынып түлегі Балтабай Салтанат Болатқызы, 9сынып түлектері Қызғызбай Мадина Ержанқызы мен Нұрлан Мейрім Нурдинқызы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Түлектерімізге сәт сапар тілейміз.Үлкен өмірге жолдамаларыңыз құтты болсын!!!



