06
мамыр
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 30 сәуірден 4 мамыр аралығында 1-11 сынып жетекшілердің ұйымдастырумен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «Отан қорғау- қасиетті борыш» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.






