Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
25
қараша
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де "Jambyl -tylek.kz” жобасы аясында “Ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбында педагог ұйымдастырушы Турганбаева Баян Мухтаровнаның ұйымдасытуымен мектеп оқушыларымен кездесу үшін мектебіміздің түлегі «Болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Оспанова Есен Алмешовна Zoom платформасы арқылы онлайн конференцияға шықты. Мұндай кездесулер тәрбиелік тақырыпты ғана қозғамай, белгілі тұлғаны да жастарға танытады, тәжірибе береді. Конференция барысында ол өзін таныстыра отырып жетістікке қалай жеткені жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп оқушыларына білім алып, тәрбиелі азамат болуларына ерінбей еңбек етсе бәріне қол жеткізуге болатынын айтты. Жастар неден қателеспеу керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екенін де тілге тиек етті. Аз ғана уақыт ішінде оқушылар сұрақ қойып, пікір алмасты. Есен Алмешқызына рақмет айтып, алдағы уақытта мектепке жүзбе-жүз кездесуге шақырдық.

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ