Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
19
наурыз
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ













2020 жылдың қаңтар айында «Болашақ» Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Е.Оспанова мен СЭС мекемесінің маманы З.Диханбаева «Снюс» шегуге арналмаған темекі, басқада құрамында зияны бар заттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәрісті 9-11 сыныптың 47 оқушысы тыңдады.



21 қаңтар күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Зиянды заттар мен токсекологиялық заттардың зардабы» тақырыбында қалалық емхананың нарко-психиаторы Э.Ж. Ерменбаева, қалалық емхананың психологтары А.Байжанова, А.Тілепова, мектеп медбикесі Б.Д.Башегованың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп әкімшілігі, 8-11 сыныптың 6 сынып жетекшілері , 91 оқушы қатысты.





29 қаңтар күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Жастар есірткіге қарсы» атты спорттық жарыс өткізілді.





2020 жылдың қаңтар айында «Интернетсіз бір күн» халықаралық акциясы аясында әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде ата-аналар мен оқушылар және педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.





19 ақпан күні Шу АПБ ЖҚП ЮПБ полиция капитаны Б.С.Джабасбаев Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын түсіндіру мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Дәрісті 89 оқушы тыңдады.



2020 жылдың 21 қаңтар күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Қылмыс соңы жаза » тақырыбында кездесу өткізілді.



17 ақпан күні Шу станциясы бойынша еңбек қорғау бойынша жетекші инженер-технологы Ж.К.Әбілдаева 3-6 сыныптар аралығын «Теміржол қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.







11 наурыз күні жас жеткіншектер арасында ерте жүктіліктің алдын алу және оны болдырмау мақсатында 8-11 сыныптың қыздарымен кездесу өтті.




13 наурыз күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдерді қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерімен таныстыру »тақырыбында кездесу өтті. Шу ст. ЖПБ ӘПб ЮПТ КТІЖ аға инспекторы полиция аға летейнанты Е.С.Джуманов «Теміржол-қауіптілігі жоғары аймақ» және «Жасөспірімдердің заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ –дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруы» тақырыбында кездесу өткізді.

[center]



2020 жылдың 4 наурыз күні коронавирустық эпидемияның таралуының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Оқушылар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасында сақтық шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтар беріліп, бейнебаян көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды және ілінді.