Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
16
ақпан
2024

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында   2024 жылдың 12-16 ақпан күндері   қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Г.Б.Махажанова, Г.С.Косалиева, Н.С.Керімбекова   білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 10-11сыныптар арасында «Сабырлық асыл қасиет», 8-9 сыныптар арасында «Мен және менің виртуалды достарым», 5-7 сыныптар арасында  «Қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыптары бойынша эссе байқауын ұйымдастырды. Байқаудың қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар арасында  6 сыныптың білім алушылары Т.Жарқынбекқызының, С.Садықтың, К.Сауранбектің , 7 сыныптың білім алушылары Т.Зүлбұхардың, А.Абдуалиеваның эсселері   үздік деп танылса, 8-9 сыныптар арасында 8 сыныптың білім алушылары Ж. Молдахан мен К.Бақытқызының және 9 сыныптың білім алушылары  Ә.Омардың, Ғ.Сейпілдің, Е.Нұрланның, 10-11 сыныптар арасында 10 сыныптың білім алушылары А.Тамаша мен Қ.Кертайдың эсселері үздік деп танылды.