«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»
20
ақпан
2024

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»

аданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының іс-шара жоспарына сай 2024 жылы 20 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Б.М. Турганбаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында құқықтық сабақ өтті.  Мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң – баршаға ортақ. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Сабақ барысында, жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Сабақ барысында өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
#Біртұтастәрбие
#Шуауданыныңбілімбөлімі