Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де
08
қаңтар
2024

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де

Шу  қаласы  «Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  орта  мектебі» КММ-де
  2023 жылдың  28-29  желтоқсан  күндері аралығында  жаңа жылдық  шырша  мерекесі ұйымдастырылып, өткізілді.
    Жаңа  жыл мерекесіне  арналған  іс –шаралар  өтілуі  мерзімі, уақыты туралы  кестесібекітілді. Жаңа  жылдық  іс-шараларға   дайындық барысында,  мерекенің  өткізілу  кезінде  оқушылардың  денсаулығына  байланысты  қауіпті  жағдайлар, олардың  алдын алу   мақсатында  сынып жетекшілерге,  оқушыларға,  ата-аналарға  қауіпсіздік  нұсқаулығы ватсап  желісі  арқылы  таратылды. Оқушылардың  қауіпсіздігін   қамтамасыз ету мақсатында  кезекшілік кестесі  бекітілді. Мерекеге  барлық сыныптар түгел қатысты. Жаңа жыл мерекесі мектебіміздің АКТ залында өткізілді. Мектеп  мұғалімдері  Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен Ақшақар және ертегілер елінің кейіпкерлері Алдаркөсе, Қоян, Ұлу,  Қар  ханшайымы, Аю, Маша болып киініп мектепішілік жаңа жыл мерекелеріне қатысты. Барлық оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндерін айттылып, көңілді   билерге  ұласты. Жоғары сынып оқушылары  мерекелік бағдарлама дайындап,  жаңа жыл мерекесін  көңілді өткізді.
#Біртұтас_тәрбие