у қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » у қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде
06
желтоқсан
2023

у қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 
01 желтоқсан күні кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шу көлік прокуратурасының прокуроры Таңсықбай Есет Нұржанұлы мен Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж.Мырзан 8-11 сыныптардың білім алушыларымен жиналыс өткізіп, «Жалған терроризм» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында ҚР ҚК-нің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» туралы 273-бабымен таныстырып,   терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс екенін, технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын еместігін және  ҚР Қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыс жасалған уақытта 14 жасқа толған адамдар Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жататынын атап өтті. Сонымен қатар Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж.Мырзан түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтыны туралы, «Түнгі уақыттағы балалар» жедел профилактикалық шарасының өткізіліп тұратыны туралы айтып, ҚР ӘҚБтК -нің «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» туралы 442-бабымен таныстырып өтті.