Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72643) 2-30-68
Бухгалтерия
+7(72643) 2-27-25
Версия для
слабовидящих
» » » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
17
маусым
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

ЕНТ ТАПСЫРУҒА ЖАДЫНАМА

Жамбыл облысы, Шу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде биылғы ЕНТ тапсыру ережелеріне байланысты ата-аналармен 2020 жылдың 15 маусым күні жиналыс өткізілді. Онда әлемді дүрліктірген пандемияға қатысты ЕНТ-ның өзгертілген ережелері айтылып, соларды қатаң сақтау талаптары насихатталды. Құрметті ата-аналар, естеріңізге сала кетейік баршаңызды карантин режимін қатаң сақтап, оқушылар ЕНТ-ны тапсыру сәтінде мына ережелерді естеріңізден шығармаңыздар:
1) ЕНТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді:ЕНТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Түлектер короновирус індетіне байланысты енгізілген талаптарды қатаң сақтауға тиіс.
2) Ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады.
3) Әр тест тапсырушы 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.
4) Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, яғни смартфондар, жазба қағаздары және басқа да құралдар табылса, онда тест тапсырушы ҮБТ-ға жіберілмейді.
5) Биылға 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсан тапсырмалары алынып тасталынды.
6) Кез келген адам ЕНТ-ның өтуі барысын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ЕНТ жақындағанда жарияланады.
7) Родителям ЕНТ өткізу пунктінің жанында шоғырлануға болмайды.

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ