07
желтоқсан
2021
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде мектеп білім алушылары арасында Вейп – шылымдары мен электронды сигареталарды және басқа да зиянды заттарды тұтынудың алдын алу мақсатында мектеп психологы Ж.Қаратаева мен мектеп медбикесі Б.Башегова 7-11 сынып білім алушыларына «Вейп – шылымдары мен электроны сигареталардың зияны» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізіп, бейнеролик көрсетті.







