Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың 30 қараша күні «Рухани Жаңғыру» бағдаламасы аясында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы » атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында 2 сыныптың үздік және екпінді білім алушылары «Жасұлан» ұйымының құрамына қабылданды. Мерекелік іс-шара барысында елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, мемлекеттің тізгінін қолға алып Қазақстанның жеткен белестері, әлемдік көшбасшы ретінде ұсынған бағдарламалары, көреген саясаткерлігі жайлы сөз болды. Мерекеліс іс-шара барысында «Елдіктің жеті тұғыры» жайлы да ақпарат беріліп мән-мағынасы түсіндірілді.Білім алушылар салтанатты жиында өлең жолдарын арнады, өлең айтты, би биледі.


