21
қыркүйек
2021
«WorId Cleanup day -2021» / «Birge –taza Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясы
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі 2021 жылдың 18 қыркүйек күні еліміздің барлық аумақтарында «WorId Cleanup day -2021» / «Birge –taza Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясына ат салысты.Акция барысында 1-4 сыныптарда «Бірге –таза Қазақстан» тәрбие сағаттары өткізілді, сынып жетекшілердің ұйымдастырумен балаларға жасыл экономикаға көшудің заман талабы екендігі, экологиялық мәселелердің туындау себептері, адамзаттың ортақ планетамызды қорғауы туралы айтылып, бейнероликтер көрсетілді. 5-11 сыныптарда санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында оқушылар үйлерінің маңында тазалау, жинастыру жұмыстарын жүргізіп, видеочеллендждер түсірілді. Мектептің кіші қызметкерлері мектеп ғимаратының ауласында және мектепке бекітілген Жапар Түйебеков улицанің бойына тазалық жұмыстарын жүргізіп акцияға өз үлестерін қосты.
[media=https://youtu.be/DqoAcgvTGMU]
[media=https://youtu.be/DqoAcgvTGMU]

