01
маусым
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың «1-маусым күні Халықаралық Балаларды қорғау күніне» арналған іс-шара жоспары бекітіліп, өткізілді.Мектептің ауласында Мемлекеттік гимн орындалып, мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектибаевна оқушыларды 1- маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жазғы демалыста жақсы демалып, әдеби кітаптар оқуға шақырды. Балаларды қорғау күніне аранап мектеп ауласында ертеңгілік флешмобтар,спорттық эстафеталық ойындар, «Балалықтың бойтұмары», «Бақытты балалық шақ», «Бала құқықтары конвенция» тақырыптарында сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен сынып сағаттары, «Балалар біздің болашақ» атты құттықтау челлендждері, « Әлем балалар көзімен » атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара соңында мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен балаларға базарлық ретінде балмұздақ таратылып, сурет байқауында орын алған, спорттық эстафеталық ойындарда ерекшеленген оқушылар марапатталды.







