28
сәуір
2021
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де 2021 жылдың 20-28 сәуір аралығында 1-мамыр Қазақстан бірлігі күніне арналған іс-шара жоспары құрылды. Іс-шара жоспарына сәйкес 23-28 сәуір аралығында 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен «Бірлік пен келісім», «Қазақстан тұрақтылық пен татулық мекені», «1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні», «Ынтымақ, бірлік жарасқан мәңгілік ел Қазақстан» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.






