Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72643) 2-30-68
Бухгалтерия
+7(72643) 2-27-25
Версия для
слабовидящих
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
01
наурыз
2021

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

«Жүз жыл жырлаған жүрек»
/Жамбыл Жабаев – 175 жыл/
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің кітапханашысы Б.Далибаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Керимбекованың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 26 ақпан күні «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.
Рухани шараның басты мақсаты – сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
Білім алушыларды Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Заманымыздың классик жазушысы, атақты Мұхтар Әуезов «Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет – бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик – ақын, әрі айтыс – ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді. Жамбыл Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28 ақпанында 175 жыл толады. Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген.
Әдеби кеште Жамбылдың өмірбаяны, балалық шағынасаяхат, өлеңдері оқылды. Мектеп директоры Гулбағила Бектібайқызы Сейдахметова ойын қортындылап , жылы лебізін білдірді.
Сөз соңыңда айтарымыз, Жамбылдың ақындық мұрасы көп зерттелген. Оның шығармаларының баспа бетін көруіне кезінде С.Сейфуллин араласқан. М.Əуезов, С.Мұқанов бастаған қазақ ақын – жазушыларының көбі Жамбыл жайында мақалалар, естеліктер жазған. Әдеби іс – шара карантиндік санитарлық талаптарды қатаң сақтап өткізілді.

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ