04
қараша
2020
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин орта мектебі» КММ 2020 жылдың 22-қазаны мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты іс-шара жоспарына сәйкес 1-11 сынып аралығында «Қазіргі және болашақ : әр бала үшін қорғалған бабалық шақ » атты сынып сағаттары өткізілуде. Сынып сағаттарында сынып жетекшілер білім алушылардың құқықтары және олардың міндеттері туралы түсіндіріп,бала құқығы заңмен қорғалатынын ұғындыруда. Баланың өмір сүруге, демалуға, табиғатты қорғауға, ата-анасымен тұруға тағы сол сияқты басқада құқықтары түсіндірілуде. Балаға қарсы тұрмыстық зорлық - зомбылық , бөгде адамның бопсалауы, қорқытып, үркітіп, намысы қорланған жағдайда «111», «150» сенім телефонына хабарласуға болатындығы жайлы ақпарат берілді.





