16
қазан
2020
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы 8-11 сынып оқушылары мен ата-аналар чаттарына «Жасөспірімдер арасында зиянды заттардың алдын алу» тақырыбын жаднамалар мен бейне роликтер таратылды. Әрине, бұл зиянды әдеттер баланың тәрбиесіне, көп жағдайда қоршаған ортасына байланысты. Жасөспірім кезінде бала психикасы тұрақсыз болып келеді. Осыған байланысты онда еліктеушілік пайда болады. Демек, темекі шегу, ішімдік ішу, т.б. Солардың бірі – есірткіні қолдану. Қаншалықты жасөспірімдер шылым шегумен ертерек танысып, шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Және де басқа нәрсені татып көруге қызығушылықтары туады. Яғни, темекіден әлде-қайда зиянды заттар. Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне әсер етеді.
Жастар-болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру басты назарда.
Жастар-болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру басты назарда.







