Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» Управления образования Кызылординской области » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72643) 2-30-68
Бухгалтерия
+7(72643) 2-27-25
Версия для
слабовидящих
» » Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» Управления образования Кызылординской области
10
қараша
2023

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» Управления образования Кызылординской области

Шу  қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» Управления образования Кызылординской области нде 2023 жылдың 8 қараша  күні «Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық сауаттылығын   арттыру-заман талабы»  атты математика пән мұғалімдеріне арналған семианар-практикум  өткізілді.Семинардың мақсаты : Инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Семинар «Мұғалім- мектептің жүрегі» шағын концертпен басталып, ашылу салтанатында мектеп директоры Джумагулова Айгул   Сериковна  семинар –прктикумның  бағдарламасымен таныстырса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мықтыбекова Роза Жексенбековна семинардың мақсатына қарай пән мұғалімдері  не нәрсеге мән беру керектігін , функционалық сауаттылық  заман талабы екенін айтып өтті.Семинарды мектеп  психологы Таткеева Элмира Жұзжасаровна  «Көңілді болайық!»  тренингімен жалғасырды. Математика пән мұғалімі Қожамқұлова Замира Әлібековна 11 сыныпта«n-ші дәрежелі түбір және онық қасиеттері», Сапарбек Жайна Сабитқызы 10 сыныпта «Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдісі» тақырыптарында ашық сабақтар берсе, Абешбаева Алия Суюновна 9 сыныпта «Математикалық сауаттылықты арттыру жолдары» сыныптан тыс жұмысын  көрсетті, Алатаева Рахима Бейсенбиевна «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Семинар-практиум  соңында   өткізілген сабақтар мен коучингтерге кері байланыс берілді, іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар Шу аудандық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.