08
қараша
2018
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шараның өткізілуі туралы
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік
іс-шараның өткізілуі туралы
Мәлімет
Мектепте мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараның жоспары жасалып, бекітілді. «Мұғалім мектептің жүрегі», «Ұстаз ұлы есім» тақырыптарында қабырға газеттері ілінді. 11 сынып түлектерінің ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концерт қойылды. Мерекелік шараны мектеп директоры Г.Б. Сейдахметова өзінің құттықтау сөздерімен ашып берді. Қабырға газеттің үздігі анықталып, 5 «Б» сыныбы І орынмен, 6 «Б» сыныбы ІІ орынмен, 2 «Б», 3 «А» сыныптары ІІІ орындармен марапатталды. 11 сынып түлектерінің орындауында ұстаздарына деген ыстық лебізін білдіріп «Ұстазым» атты өлеңдерін арнады. Ұстаздармен ойын ойнатып, жұмбақ жасырылды, түсіндірме сөздіктермен көрермендердің көңіл-күйін көтерді. 5 «А» сынып оқушылары «Балауса» би тобы «Үнді» биін билеп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Концерт соңында 11 сынып түлектері өздерінің өлең шумақтарын, ізгі тілектерін білдірді.