Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де өткізілген жаңа жылдық іс-шара
Мәлімет
Мектебімізде «Асқақ ордам –Астанам» атты жаңа жылдық шырша өтті.Бастауыш сыныптардың шыршасына сырттан қонақтарымыз келіп өнерлерін көрсетті.Балалар түрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп келді. Жаңа жылдық ертеңгілікті алдар көсе бейнесіндегі , қонағымыз жүргізді. Шырша шамын жағуға Аязата мен Ақшақарды ортаға шақырды.Балалар шыршаны айналып ән салды. Өз өнерлерін көрсетіп аязатадан сыйлық алды. Тауық жылмен қоштасып , ит жылын қарсы алды. Қарақшылармен арқан тартысқа шығып , біраз қызықтар болды.Балалар өздерінің дайындаған билерін билеп,өлең шумақтарын айтты. Жаңа жылдық ертеңгілік 6-7-8 сыныптарының оқушыларымен жалғасты. Жақсы тілектен кейін , ертегілер еліне саяхатқа шықты. Сайқымазақтардың жүргізуімен шыршаны айналып , ән салды. Балалармен ойын ойнатылды. Соным қатар би билеп көңілдерін , көтерді. Жаңа жылдық кешті 9-10-11 сынып оқушылары жалғастырды. Шыршамызды мектеп директоры ,құттықтау сөзімен ашып берді. Ойын ойнатылып, әр сыныптың оқушылары ойынға , жарысқа шықты. Жас жайдарманшылар өнерлерін көрсетті. . Кеш өте көңілді өтті.