«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
18
наурыз
2022

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

           2022 жылы 18-ші наурыз күні Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 8 «А», 8 «Б» сынып білім алушылары арасында «Ұлттық ойындар және эстафета» тақырыбында спорттық ойын өткізілді. Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.Білім алушылардың денсаулығын, ой-өрісін, шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру. Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені бойларына сіңіру.Білім алушылардың денсаулығын нығайту, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

           «Ұлттық ойындар және эстафета» спорттық ойынның шарты бойынша ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойынның шарты бойынша әр сынып білім алушылары өздерінің шапшаңдылығына, икемділігіне байланысты өздеріне тиесілі орндарға ие болды.

І орын иеленген 8 «Б» сынып білім алушылары «Қыран» тобы. ІІ орын иеленген 8 «Б» сынып білім алушылары «Барыс» тобы.