Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ







Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың 18-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігің 30 жылдығы аясында қазақтан шыққан алғашқы педагог, ағартушысы, фолклоршы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына орай мектебімізде ағартушының өлеңдерін оқу, ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беретін кітап көрмесі ұйымдастыру жұмыстары өткізілді. Аптада атқарылаған жұмыстардың қорытындысы ретінде 23 қазан күні мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Қазақ сахарасының -қоңырауы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.Кеште білім алушыларға ағартушының өмірі жайлы тың ақпараттар берілді, тәрбиелік мәнін көрсете отырып әңгімелерінен көрініс қойылып, өлеңдерінен әдеби монтаж жасалды. «Білімнің жаққан шырағын» -демекші Ыбырай бастаған білім жолындағы білім алушыларымыздың жеңістері көп болсын.