15
қараша
2020
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – нде «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» тақырыбында күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2020 жылдың 10 қараша күні 5 – 8 сыныптар арасында «Қазақстан – менің Отаным» атты балалар суреттерінің онлайн көрмесі өтті. Бұл көрмеге 4 – 8 сыныптарының 37 оқушысы қатысты. Оқушыларымыздың еңбектерін бағалай келе, І орынды 6 «А» сынып оқушысы Рыскелді Айбол, ІІ орынды 7 «Б» сынып оқушысы Сүлеймен Рамазан, 5 «Б» сынып оқушысы Қырғызбай Камила, ІІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы Қасымхан Балжан, 5 «Б» сынып оқушысы Рахым Эльнара, 4 «А» сынып оқушысы Серік Абдулазиз иеленді.





