Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
01
қазан
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-сі «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші асыл әжелерімізді, асқар тау аталарымызды бүгінгі 1-Қазан халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құтықтаймыз.
Құрметті қариялар!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың болашақ ұрпақтың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дегенсөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-сі 2020 жылдың 1-қазан күні 1-қазан халықаралық қарттар күніне орай сынып жетекшілер отбасындағы сыйластық, ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау жайлы сынып сағаттары, мектеп оқушылары арасында «Қарттарым асыл қазынам» қарттарға арналған құттықтау челлендждері ұйымдастырылды.



[media=https://youtu.be/fp-M3BdQelo]